«Шошқа» деп атады! Әнші Diuoou мектептегі буллинг туралы ашық айтты!

65 Рет қаралды 6 М.

Қазақстандық жасөспірімдер арасында бір-бірін қорлап, кемсіту мәселесі белең алып барады. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 11 жастан 15 жасқа дейінгі әр бесінші оқушы өз қатарластарынан қысым (буллинг) көретіні жайында дерек жариялаған. Буллинг әсіресе 11-13 жас аралығында ұлдардың арасында кең тараған. Бұл қорқыту, психологиялық қысым көрсету, мазалау, қорлау дегенді білдіреді. Буллингке ұшыраған балалар көбіне мектепте не болып жатқанын ата-анасына айтуға қорқады. Сондықтан кез келген ата-ана баланың буллингтен зардап шеккенін байқауы керек. Қысым көрген баланың сабақ үлгерімі нашарлап кетеді, өзінен кіші балалар мен жануарларға агрессиямен қарайды, өзгелерден оқшауланып, жасқанып жүреді, ұйқысы, тамақтану режимі бұзылып, мазасыз күйге түседі. Қысым көрсетуші балалар осы арқылы өзін өзгеге дәлелдегісі келеді. Біреуді қорлай отырып, оған зәбір көрсете тұрып, мықтылығына масаттанады. Мұнда агрессордың басты мақсаты - жәбірленушіні барынша қорлай түсу. Сонда оның жаны рахаттанады. Ондай қадамға өзіне көңілі толмаған, өзін-өзі бағалай алмағандар барады. Психологиялық тұрғыда қарастырсақ, жәбірленушіге ғана емес, зәбір көрсетушіге де көмек қажет. Себебі, бала оны білместіктен емес, мақсатты түрде әдейі істейді. Бұл мәселені шешу үшін не істеу керек? Бағдарлама қонақтары мен психологтар бірлесе отырып, осы мәселені кеңінен талқылайды.

Пікірлер

  1. Merooert
    Merooert
    11 күн бұрын

    Diuoou😭😭😭😭😭😘

  2. Саша Белый
    Саша Белый
    14 күн бұрын

    Осындай ток шоуларды және калаулым сйяқты ток шоуларды көзін құрту керек. Зайбали бос сөз

    1. Данияр Гатауов
      Данияр Гатауов
      Күн бұрын

      @Саша Белый жүргізуші нің өзін дұрыс киімі шаш үлгісі көрерменге түк ұнамайды не қатын емес, не еркек емес өтірік передача кілең сценарий бойынша актерлік қойылым адам сенбейді түкке керегі жоқ

    2. Аяулым Жакыпбекова
      Аяулым Жакыпбекова
      11 күн бұрын

      @Саша Белый сан сауал шателден келген бағдарлама не бұл жерде кім гей

    3. Саша Белый
      Саша Белый
      11 күн бұрын

      @Аяулым Жакыпбекова Аяулым қарындасым сіздікіде дұрыс шығар, бір айтарым көп шетелге еліктейбермей шектеу қою керек. Бізде қазақта жаман әдет бар, шаш алдесе бас ал дейтіндей шеттен шығып кетеміз. Гей парад сияқты қозғалыс белен еткізеді.

    4. Аяулым Жакыпбекова
      Аяулым Жакыпбекова
      12 күн бұрын

      Меніңше сан сауал жаман бағдарлама емес

    5. Аяулым Жакыпбекова
      Аяулым Жакыпбекова
      12 күн бұрын

      @Саша Белый мүмкін саған ондай бағдарламалар қызықтырмайтын және керек емес шығар. Бірақ менің ойымша ол басқа адамдарға керек нәрсе, себебі сан сауал деген бағдарламалар сияқты қозғалатын тақыптар 13-16 жастағы адамдарда кездеседі.

  3. Bais Semey
    Bais Semey
    14 күн бұрын

    Буллинг болды, бар және болады...

  4. MadWave Roza
    MadWave Roza
    14 күн бұрын

    Блэн🥺 пасибо вам😹🤍

  5. MadWave Roza
    MadWave Roza
    14 күн бұрын

    Тико молодец👏🏻🤍🤍

  6. MadWave Roza
    MadWave Roza
    14 күн бұрын

    Дильназ зянмка🥺🤍✨

  7. Мерседес Бенз
    Мерседес Бенз
    14 күн бұрын

    😱😱😱😱😱😱😱😱

  8. 7 жетінші арна
    7 жетінші арна
    14 күн бұрын

    Опа